KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да омыртқа патологиясын емдеудің жаңа тәсілдерін енгізуде

29.05.2023, 21:27 4 898

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың дәрігерлері омыртқаны емдеудің инновациялық әдістерін қолдануда.

Омыртқаны емдеуде бүгінгі күнге дейін белгілі әдістер көп жеңілдік бермеуде. Мамандандырылған медициналық орталықтың нейрохирургтары омыртқа патологиясын емдеу тәжірибелеріне ең аз инвазивті әдістеме – заманауи шағын-TLIF  технологияларын  енгізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Орталықтың нейрохирург-дәрігері Нұртас Ақазин 12 наурыз бен 6 мамыр аралығында шығысқазақстандық нейрохирургтер Бірінші Санкт-Петербург медициналық университеті нейрохирургия бөлімшесінің базасында оқып келгендерін айтты.

Тренинг омыртқаға алдыңғы жағынан және бүйірден қол жеткізу, дискінің дегенеративті ауруларын эндоскопиялық емдеу, соның ішінде диск жарығын (грыжа) да және омыртқаның негізгі ісіктерін эндоскопиялық емдеу сияқты үш тақырып бойынша өтті. Дәрігерлер омыртқаны және омыртқаның дегенеративті аурулары мен омыртқааралық дискілер мен жарықтардың барлық түрлерін хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін зерттеді.

Қазір облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың базасында клиникалық практика басталды, яғни өңір тұрғындарына омыртқаға аз инвазивті операция түрлері жасала бастады. Жақында орталық нейрохирургтары 33 жастағы науқас әйелдің жарығын (грыжа) шағын-TLIF әдісі бойынша алып тастады. Мамандандырылған көмек науқастарға МӘМС аясында тегін көрсетіледі.

– Науқастың омыртқа дискісіндегі жарықты алып тастадық, омыртқаны тұрақтандырып, медиальды тәсілмен имплантты орнаттық, яғни буындардың өскіндері сақталды, – деп түсіндірді орталықтың нейрохирург дәрігері Нұртас Ақазин.

Оның айтуынша, болашақта медициналық орталық базасында омыртқаға алдынан-бүйірінен қол жеткізу операцияларын жасау, сондай-ақ жол-көлік апаттары кезінде алған жарақаттардан болған күрделі сынықтар кезінде импланттарды орнату жоспарлануда.

Инновациялық әдістермен емдеудің барлығы МӘМС пакетіне кіретінін, пациенттер үшін тегін екенін естеріңізге саламыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу