KZ
Өскемен
-1°
снегопад жел 7 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Өскемен: Сәби сүюді армандап жүрген ерлі-зайыптыларға кеңес беріледі

фото: longavitas.ru

27.02.2024, 11:49 294 Оразай Жеңісұлы

Өскемендегі «Ана мен бала орталығының» мамандары сәби сүюді армандап жүрген ерлі-зайыптыларды кеңес алуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

1 наурызда репродуктологдан тегін кеңес алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ мамандар ультрадыбыстық зерттеу (фолликулаларды санау), ЭКҰ көрсеткіштерін талқылау, ЭКҰ-ға дайындық бойынша ұсыныс-пікір айтады.

Іс-шара орталықтың клиникалық-диагностикалық бөлімшесінде (Шәкәрім даңғылы, 149/2) болады. Дәрігерлер кеңес алушыларды сағат 10.00-ден бастап қабылдайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу