KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Бір ауылға су құбыры желісі салынады – Глубокое ауданы

31.03.2023, 19:19 282 Ләззат Қанатқызы

Глубокое ауданыдағы Малоубинка ауылында су құбыры желілері салынады.

Бұл туралы Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов Өңірлік коммуникациялар қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ауданда 2 жобаны іске асыру басталады: Малоубинка ауылында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстары және Степное ауылында сумен жабдықтау жүйесін жаңарту, бұдан басқа, Алтайский кентінде және Опытное поле ауылдарында тазарту құрылыстарын және кәріздерді жаңарту бойынша 2 жобаны аяқтау жоспарлануда, деді Эльдар Лұқбекұлы.

Сондай-ақ 3 ауылда, атап айтқанда, Белоусовка, Предгорное, Перевальное ауылдарында қолданыстағы сумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргізіліп, Глубокое кентінде 9,3 млн теңгеге суды тазартудың блокті-модульдік станцияларын орнату жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив