Катонқарағайға 100 мыңнан астам турист келген
Анель Абзалбекованың суреті
Соңғы жылдары ШҚО-даға туризм саласына баса назар аударылып, шетелдік туристер арасында танымалдылығы артып кетеді. Туризмнің дамуы – қызмет деңгейінің өсуіне ықпал етеді.
Мәселен, Катонқарағай ауданының туристік әлеуеті күннен күнге артып келе жатқанын байқауға болады. Өткен жылы онда100 мыңнан астам демалған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өткен жылы Үлкен Нарын ауылында заманауи туристік-ақпараттық орталығы ашылған болатын. Онда әрбір демалушы көрнекті орындар, мәдениет пен тарихи объектілер, туристік бағыттар, экскурсиялар және қонақ үйлер туралы барлық ақпаратта ала алады.
Сондай-ақ аталмыш ауданда медициналық туризмде дамып келеді. Марал шаруашылығы өнімдері ауданның бренді болып саналады. Бүгінде өңірде 30-дан астам санаторий жұмыс істеп тұрған көрінеді. Онда да туристер ағыны артқаны байқалады.
Өткен жылдың өзінде Катонқарағай ауданында 100 мыңнан астам адам демалған.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Үлкен Нарын ауданы Катонқарағай ауданынан бөлінді.