KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, В
524.66 550.21 5.09

Өскеменде биыл 5 ірі мұз айдыны жұмыс істейді

8.12.2022, 10:10 553 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында биыл 5 бірдей ірі мұз айдыны келушілер үшін есігін айқара ашпақ.

Қазірі уақытта тек "Алтай" стадионында коньки тебу маусымы ашылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал, "Металлург" саябағы мен Комендантка өзені арнасындағы саябақта дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

- Айта кету керек, сол жағалау кешені мен «Samal» саябағында да биыл жылдағы дәстүр бойынша мұз айдындары ашылып,стюбпен сырғанау үшін сырғанақтар да жасалады. Бірақ Комсомол аралында мұз айдынын құю әлі жоспарланып отырған жоқ, - делінген Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің ақпаратында.

Баршамызға белгілі, биылда мұз айдыны құйылған жерлерде қажетті заттарды жалға беру де ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, қаладағы бірқатар мектептерде де мұз айдындарын жабдықтау жоспарланған көрінеді, қазір ол жерлерде де дайындық  жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс орталығында жаңа жылдың мерекеге арналған безендіру жұмыстары келесі аптаның соңынан басталмақ. Ал, желтоқсанның соңында қаланың бас шыршасының шамы орталық алаңда жанатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қалада безендіру жұмыстары қалай жүргізілетінін және қай жерлерде шыршалар орнатылатыны туралы жазған болатынбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу