KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, З
506.7 593.14 6.53

Семейдегі мешіттің құрылысы 90%-ға аяқталды

3.10.2020, 22:08 243

Семейдегі мешіттің құрылысы аяқталуға шақ қалды. Қазір мешіттің маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетсек, бұл – Түркістан облысының Абайдың 175-жылдық мерейтойына орай ШҚО-ға тарту еткен сыйлығы, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мешіттің құрылысына 681 млн теңге мөлшерінде қаржы бөлінді. Жұмыстар осы жылдың маусым айында басталған. Шамамен 15 қазанда толық аяқталады деп күтілуде.

-  Мұнда 18 мың ш.м. асфальт, 8 мың ш.м. кеспе тас пен жиектас төселді, 200 жарықшам мен  трансформатор орнатылды. Сондай-ақ мұнда 800 ш.м. балаларға арналған және спорт алаңдары пайда болды. Бүгінде жұмыстары 90%-ға аяқталды. Енді кейбір жерлердһге кеспе тас төсеп, жедел жәрдемге арналған пандус пен мүгедектерге арналған электрлі пандус орнату керек. 300 шырша отырғызылды, қосымша тағы 100 шырша отырғызылады. Жалпы айтқанда, жұмыстар аяқталды, - дейді учаскенің басшысы Ержан Жәңгірханов.

8 қазанда Семейге Түркістаннан комиссия келіп, атқарылған жұмыстарға баға беріп, нысанды қабылдайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу