KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Партия онлайн дауыс берудің негізін қалады

3.10.2020, 11:05 74

Праймеризге қатысушы үміткерлерге 1 қазаннан бастап онлайын дауыс беру басталған болатын, онлайн дауыс беру үшін primaries.kz ақпараттық жүйесіне облыс бойынша 40 мыңнан астам партия мүшесі тіркелді. Қазіргі таңда 34 398 адам онлайн дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.

- ШҚО бойынша 221 учаске ашылды, кеше ақпараттық жүйенің шамадан тыс жүктелуіне байланысты онлайн дауыс беру уақытын 4 қазан сағат 14-00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Облыс бойынша интернет жылдамдығы төмен немесе мүлде интернет жоқ жерлер үшін 61 учаскеде дауыс беру биллютеннің көмегімен дәстүрлі форматта өтеді. Nur Otan партиясы еліміздің тарихында алғаш рет онлайн дауыс беру түсінігін еңгізді және қанатқақты жобаны сәтті іске асты деуге болады, - деді ШҚО бойынша есеп комиссиясының төрағасы Серік Жеңісов.

Жалпы шығысқазақстандықтардың праймеризге қатысу және дауыс беру белсенділіктері өте жоғары. Онлайн дауыс бере алмаған партия мүшелері учаскелерге келіп дәстүрлі түрде дауыс беруде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив