Шар қаласында спорт кешені ашылды
Жарма ауданына қарасты Шар қаласында спорт кешені ашылды. Нысан қаланың орталығынан бой көтерді. Заман талабына сай салынған нысанда барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мұнда әмбебап спорт алаңы, бірнеше спорт түріне арналған жаттығу залдары қарастырылған екен. Ендігі кезекте спортшылармен қатар, қала жұртшылығының да тұрақты қоғамдық спортпен айналысуларына жол ашылып отыр.
- Жасалып отырған бұл мүмкіндік спорт биігін бағындырар жас өрендеріміздің қалыптасуына ықпал ететіндігі анық, - деді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.
Оқи отырыңыз