Күршімде көп балалы отбасыларға берілетін баспана салынып жатыр
Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының аясында Күршім ауылында салынып жатқан екі пәтерлі үйлер құрылысының барысын тексерді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жоспарға сәйкес аталған үйлер аудандағы көп балалы отбасыларға берілмек.
Қазір негізгі жұмыстар аяқталып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйым өз қаражаты есебінен қосымша тағы да екі үй салуды қолға алды.
Аудан басшысы орынбасары мен бөлім басшысына құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.
Оқи отырыңыз
Алтайда көп балалы отбасыларға арналып 14 үй салынып жатырКүршім ауылында екі пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатырКөп балалы отбасылар биыл баспаналы болады – ГлубокоеГлубокое ауданында көпбалалы және кезекте тұрған отбасылар үшін 60 пәтерлі үй салынды«Көп балалы отбасыларға». Аягөзде 10 үй салынып жатыр