KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да елік атқан браконьер ұсталды

24.09.2020, 05:56 247

 Рейдтік шаралар жүргізу кезінде «Семей-Курчатов» тас жолынан 45 шақырым жерде орналасқан Маралды ауылының маңында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқабында алыстан шамның жарығын байқаған және атылған оқтың дыбысын естіген. Осыдан кейін полиция инспекторлары дереу сол бағытқа бет алған. Әрі қарай бақылау барысында орман алқабынан «Toyota Hilux» автокөлігінің шыққанын аңғарған.

         Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заң талабына бағынбай, жылдамдықты асырып қашпақшы болған. «Toyota Hilux» жүргізушісі өзінің автокөлігінің жол талғамайтын күшін пайдаланып, ізін суытпақшы болған, алайда патрулдік автокөліктегі полиция экипажы олардың ізіне түсуді жалғастырған. Нәтижесінде автокөлік жүргізушісіне Семей қ.ПБ патрульдік полиция батальонының экипажымен бірнеше шақырымда тосқауыл қойылған.

         Қарау барысында автокөліктің жүк салатын бөлігінде жабайы аңның еті, қару оқтарымен, жарық-іздеуші түріндегі қосалқы құралдар және пышақ табылып тәркіленген.

         - Тергеу барысында осы елікті 40 жастағы Бородулиха ауданының жергілікті тұрғыны атқаны анықталды. Күдікті кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі таңда осы факті бойынша ҚР ҚК 337 бабында қарастырылған қылмыс белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сараптамалар тағайындалды. Аталған тұяқты жануар «Сібір елігі» екені нақтыланды,-деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив