KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2,2 м/с, ОШ
475.18 510.72 5.47

Риддерге жаңа әкім тағайындалды

23.09.2020, 11:21 245

Риддерге жаңа әкім тағайындалды

Риддер қаласының әкімі болып бұрын Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары болған 36 жастағы Дмитрий Горьковой тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаңа әкімді қала активіне ШҚО әкімі Даниал Ахметов таныстырды.

Дмитрий Горьковой  1983 жылдың 6 қазаныныда ШҚО, Шемонаиха ауданында дүниеге келген. ШҚМУ-дың заң факультетін бітірген және ШҚМТУ-дан қаржыгер мамандығын алған.

Еңбек жолын 2007 жылы ШҚО Қаржы полициясы органдарынан бастаған. 2015 жылдың тамызынан осы күнге дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Риддердің әкімі қызметін 2013 жылдан бері 55 жастағы Жомарт Мұратов басқарып келген еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив