Қала күніне орай Өскеменде бірнеше нысан пайдалануға берілді
Биыл Өскеменде көптеген мектепке дейінгі мекемелер жөнделіп, пайдалануға берілді.
Алғашқы нысандардың бірі – 100 орынға арналған «Жанартау» балабақшасы. Мұнда сал ауруына шалдыққан ерекше балалар білім алады. Тағы бір 75 орынды балабақша Ахмер ықшам ауданында ашылып отыр. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар аталмыш нысандарды аралап, көріп, бағасын беріп қайтты.
- Сонымен қатар, «Алтай» стадионындағы жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Стадионның 1959 жылы салынған ғимараты толық жөндеуден өтіп, футбол алаңы жасалды. Бүгінде қаладағы «Менің аулам» бағдарламасының аясында қайта құрылған 25 ауланы абаттандыру жұмыстары да аяқталды, - деп атап өтті Жақсылық Омар.