KZ
Өскемен
+30°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Өскеменде 19-шы ықшам ауданда абаттандыру жұмыстары басталды

12.06.2020, 04:11 195

Өскеменде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бірнеше учаскеде абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

19-шы ықшам ауданда қазір 63 үйге адамдар қоныстанған. Тағы 26 үй жуық арада пайдалануға берілмек.

- Бұл жерде 20 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Бұл кішігірім аудан орталығындағы халық санына тең. Құрылыс жұмыстары тәмамдалып қалды, сондықтан өмір сапасын қамтамасыз ету өте маңызды. Күнделікті тіршіліктің жайлы болуына жағдай жасауымыз қажет, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Балалар және спорт нысандарынан бөлек, аула арасындағы жолдарға, тротуарларға асфальт пен қырлы тастар төселеді, су бұрғыш арналар жүйесі тартылып, 500-ден астам жерге жарықтандыру орнатылады.

Қазір жұмыстар Көкжал Барақ көшесіндегі үш аулада жүріп жатыр. Сондай-ақ, Увалиев көшесі мен Есенберлин даңғылы арасындағы серуендеуге арналған аллея абаттандырылуда. Тротуардың бойынаорындықтар қойылып, гүлзарлар жасалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив