KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
441.58 480 4.86

«Дала дидары». Катонқарағай, Зайсан аудандарынан көрме келді

27.08.2021, 14:38 171

Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің З0 жылдығына арналған «Дала дидары» өнер фестивалінің сегізінші қатысушылары Катонқарағай, Зайсан аудандарының көрмесі ашылды.

Музейіміздің музыкалық залында өткен концерттік бағдарламада аудандар туралы бейнебаян ұсынылып, қос ауданның фольклорлық ансамблдері мен жеке дауыстағы әншілері өз өнерлерін көрсетті.

Шараның екінші бөлімінде вернисаж қонақтары музейдің үлкен және кіші залдарында орналасқан екі ауданның көрмесін арнайы экскурсоводтарының таныстыруымен тамашалады.

- Көрмеге жалпы 32 автордың 167 жұмысы қойылды. Олар - кескіндеме, графика, сюжеттік картиналар, натюрморт, портреттер мен ұлттық аспаптар, мата, жіп, жүн, киіз, ағаш, тері, сүйектен жасалған қолданбалы қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен мүсіндер, - дейді Өнер музейінің қызметкері Толқын Тетепова. 

Көрме барысында мұражай мамандары мен арнайы тағайындалған қазылар алқасы жоғары көркемдік қасиеттерімен ерекшеленетін бірнеше жұмысты және дәстүрлі нақыштағы музыкалық номерді таңдады. Бұл шығармалар басқа аудандардың үздік экспонаттарымен бірге қорытынды көрме-байқауға қатысады. Байқау жеңімпаздары 2021 жылдың желтоқсан айында өтетін қорытынды көрменің салтанатты ашылуында марапатталады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив