KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Бүгін «Жастар шығармашылығы» атты көрменің жеңімпаздары анықталады - Өскемен

12.12.2019, 08:22 231

Бүгін «Жастар шығармашылығы» атты көрменің жеңімпаздары анықталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған болатын. «Жастар шығармашылығы» атты көрмеде "Жас суретші", "Жас мүсінші", "Жас сәулетші", "Көркем сурет" сынды бағыттар бойынша байқау қатысушылары сынға түсті. Сайысқа Өскемен, Семей, Риддер, Катон-Қарағай, Жарма және Тарбағатай аудандарының шығармашыл жастары қатысты. Көрмеге 53 автордың 111 жұмысы іріктелген. Көрмеге келушілер өздеріне ұнаған туындыға дауыс берген болатын. Осы арқылы «Көрермен көзайымы» анықталады. Көрме жеңімпаздарын мараппатау бүгін сағат 15:30-да Шығыс Қазақстан Өнер музейінде өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив