Коронавирус: ШҚО-да 111 науқас тіркелді
ШҚО-да бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 111 адам анықталды, деп хабарлайды
31 шілде күні Семей, Өскемен, Риддер, Курчатов қалалары мен Аягөз, Глубокое, Алтай, Бородулиха, Бесқарағай, Зайсан аудандарында 111 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады. Оның 77-сі ауру белгілері бар науқастар, 34-і ауру белгілері жоқ науқастар.
Жаңа тіркелген науқастар аумақтық бөлу бойынша:
27 – Өскемен қаласы;
23 – Семей қаласы;
14 – Глубокое ауданы;
11 – Алтай ауданы;
5 – Аягөз ауданы;
10 – Риддер қаласы;
3 – Бесқарағай ауданы;
6 – Бородулиха ауданы;
2 – Зайсан ауданы;
10 - Курчатов қаласы.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 15 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 72 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 24 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Облыс бойынша жалпы науқастар саны – 6373. Сауығып шыққандар саны – 4121.