ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны 7 мыңнан асты
Облыста өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 92 адам анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
6 тамызда Семей, Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Алтай, Шемонаиха, Бородулиха, Зайсан, Күршім, Аягөз, Ұлан, Көкпекті, Бесқарағай аудандарында 92 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады. Оның 63-і - ауру белгілері бар науқастар, 29-ы - ауру белгілері жоқ науқастар.
Жаңа тіркелген науқастар аумақтық бөлу бойынша:
23 – Семей қаласы;
22 – Өскемен қаласы;
10 – Ұлан ауданы;
8 – Көкпекті ауданы;
7 – Глубокое ауданы;
6 – Алтай ауданы;
5 – Риддер қаласы;
4 – Бескарағай ауданы;
3 – Бородулиха ауданы;
1 – Шемонаиха ауданы;
1 – Аягөз ауданы;
1 – Зайсан ауданы;
1 – Күршім ауданы.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 8 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 58 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 26 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Облыс аумағында вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 7045. Емделіп шыққандар саны – 5660.