KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
510.49 527.29 5.27

Бірдей нөмірмен жүрген үш көлік. Ол қалай?

13.08.2020, 10:06 150

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік полициясы түр-түсі ғана емес, мемлекеттік тіркеу номері де бірдей екі көлікті анықтады. Дәл сондай үшінші көлік Өскемен қаласынан табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Елордалық полицейлер жол қозғалысына мониторингі жасау барысында бірдей маркалы, бірдей номерлі екі автокөлік бар екенін анықтаған. 11 тамыз күні «егіздердің» бірі ұсталыпты. Келесі күні екіншісі де табылған. Жүргізушілердің айтуынша, қос көлік те заңды жолмен сатып алынған. Сондай-ақ осы уақытқа дейін бірі жол ережесін бұзса, екіншісі айыппұл төлеп келгені анықталды. Қазіргі уақыта екі көлік те коммуналдық тұрақта. Істің мән-жайы анықталуда.

– Сондай-ақ «Е 658 ВН 138 РФ» тіркеу номері тағылған Toyota Estima маркалы үшінші бір көлік Өскемен қаласынан табылды, – деп мәлімдеді полиция.

Оның мекенжайына да көліктің әкімшілік айыппұлдарын төлеу туралы «түсініксіз» нұсқаулықтар келіп тұратын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу