KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Abai175: ШҚО әкімі Семейде ескерткішке гүл шоқтарын қойды

10.08.2020, 09:57 146

Бүгін республиканың түкпір-түкпірінде Абай күні аталып өтіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те аталмыш шарадан тыс қалмай, ақынды еске алу құрметіне облыс орталығынан Семейге атбасын бұрды.

Аймақ басшысы жергілікті ақсақалдармен бірге ескерткішке гүл шоқтарын қойып, жаңартылған Абай алаңын аралап шықты. Онда жасыл газон жаңартылып, заманауи төсеме тастар қойылып, саябақ шамдары ауыстырылған.

Сондай-ақ, ескерткішке көркемдік жарық беретін арнайы шамдар орнатылып, ескерткіш пен тұғыр қайта жөнделген, балалар және спорт алаңдары да қайта жабдықталып, қала тұрғындарының игіліне берілді. Өңір басшысы атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив