KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Даниал Ахметов Ырғызбай ата кешеніндегі жұмыстарға жоғары баға берді

14.06.2019, 10:46 139

Облыс әкімі Даниал Ахметов Тарбағатайдағы Ырғызбай ата атындағы кешеніннің абаттандырылуына жоғары баға берді. Ауданға сапары барысында аймақ басшысы Орта жүзге аты мәлім болған емші әрі сәуегей бабаның кесенесіне арнайы барып, рухына тағзым етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұнда соңғы жылдары атқарылған жұмыс ауыз толтырып айтуға тұрарлықтай. Кесененің іргесінен қонақ үй, субұрқағы бар шағын саябақ пен үлкен қатымхана сияқты бірқатар нысан бой көтерген. Сол сияқты бұл жерде «Аманат» мұражайы ашылған. Мұнда бүгінде келушілер назарына қойнауы тарихқа толы Тарбағатай өңірінің түкпір-түкпірінен жеткізілген жәдігерлер ұсынылған. Оның бір бөлігі Ақсуаттағы аудандық өлкетану музейінен әкелініпті. Мекеме маманы Әсем Қажығалиеваның айтуынша, көрмеге негізінен ыдыс-аяқ, ағаш бұйымдары мен әшекей заттардың көшермелері қойылыпты.

Облыс әкімі туристер көптеп келетін жерде орналасқан нысанның маңызы ерекше екенін айтып, аудан басшылығына музейге жаңа ғимарат салып беру жөнінде тапсырма берді.

– Нысанның жобасын әзірлеңіздер. Мұндай тамаша жерде орналасқан музей де алыстан менмұндалап тұруы тиіс. Жалпы, мұнда соңғы бірнеше жылда атқарылған жұмыстарға жақсы баға беруге болады. Ең бастысы туристер үшін жағдай жасала бастағаны қуантады, – деген аймақ басшысы енді аудан орталығынан 75 шақырым жерде орналасқан тарихи кешенге дейінгі жолды қалпыны келтіру жұмыстарына ден қойылуы тиіс екенін ескертті.

Облыс әкімі, сонымен қатар алдағы уақытта аудан көлеміндегі өзге де жолдар жөндеу көретінін хабарлап, жергілікті халықты бір қуантып тастады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив