Covid-19: Өскеменде – 25, Семейде – 19...
Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 122 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның 72-сінде клиникалық белгілері бар, ал қалған елу адам – ауру белгілері жоқ тасымалдаушылар болып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала-аудандар бойынша:
25 – Өскемен;
19 – Семей;
11 – Тарбағатай ауданы;
10 – Катонқарағай ауданы;
9 – Глубокое ауданы;
9 – Шемонайха ауданы;
8 – Риддер;
8 – Алтай ауданы;
5 – Бородулиха ауданы;
4 – Бесқарағай ауданы;
3 – Зайсан ауданы;
3 – Ұлан ауданы;
3 – Күршім ауданы;
3 – Аягөз ауданы;
2 – Жарма ауданы.
Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, 15 науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған, 67 науқас өз өтініші бойынша тексерілген, ал қалған 40 адамнан аурудың алдын-алу мақсатында жүргізілген тексеру кезінде қауіпті вирус анықталған.