KZ
Өскемен
-16°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
517.66 606.49 6.44

Covid-19: Семейде – 23, Өскеменде – 20...

11.08.2020, 08:35 1 760

Өткен тәулікте өңірде 90 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері бар науқастардың саны – 56. Ал қалған 34 адамның сырқаты симптомсыз болып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала-аудандар бойынша:

Семей – 23.;
Өскемен – 20;
Ұлан ауданы – 7;
Абай ауданы – 6;
Риддер – 5;
Глубокое ауданы – 4;
Алтай ауданы – 4;
Аягөз ауданы – 4;
Катонқарағай ауданы – 4;
Көкпекті ауданы – 3;
Бесқарағай ауданы – 2;
Жарма ауданы – 2;
Күршім ауданы – 2;
Үржар ауданы – 2;
Бородулиха ауданы – 1;
Шемонаиха ауданы – 1.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, 7 науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған, 50 науқас өз өтініші бойынша тексерілген, ал қалған 33 адамнан аурудың алдын-алу мақсатында жүргізілген тексеру кезінде қауіпті вирус анықталған.

Қазір науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізілуде. Ауру ошақтары дезинфекцияланды, – деп мәлімдеді департамент. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу