KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Covid-19: Өскеменде – 23, Семейде – 21, Алтай – 6...

12.08.2020, 10:18 185

Өткен тәулікте өңірде 75 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері бар науқастардың саны – 49. Ал қалған 26 адамның сырқаты симптомсыз болып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала-аудандар бойынша:

Өскемен – 23.;
Семей – 21;
Алтай ауданы – 6;
Риддер – 4;
Глубокое ауданы – 4;
Жарма ауданы – 3;
Бесқарағай ауданы – 2;
Зайсан ауданы – 2;
Күршім ауданы – 2;
Бородулиха ауданы – 2
Тарбағатай ауданы – 2;
Аягөз ауданы – 1;
Ұлан ауданы – 1;
Көкпекті ауданы – 1;
Шемонаиха ауданы – 1.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, 7 науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған, 46 науқас өз өтініші бойынша тексерілген, ал қалған 22 адамнан аурудың алдын-алу мақсатында жүргізілген тексеру кезінде қауіпті вирус анықталған.

Қазір науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізілуде. Ауру ошақтары дезинфекцияланды, – деп мәлімдеді департамент. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив