Карантинге байланысты мешіттерде айт намазы оқылмайды
31 шілдеде еліміздегі карантин мерзімінің ұзартылуына байланысты мешіттерде құрбан айт намазы оқылмайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Өскемен өңірінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай мәлімдеді.
Сондай-ақ, биыл малды құрбандыққа онлайн тапсырыс беру арқылы қашықтықтан шалуға болады. Ол үшін Qurban2020.kz сайтына кіріп, ірі немесе ұсақ малды таңдап, тиісті ақысын төлеу қажет. Кейін малдың сойылғаны жайлы ақпарат жіберіледі.
Бас имамның айтуынша, 30 шілде – Арапа күні, 31 шілде мен 1-2 тамыз күндері – Құрбан айт.
- Арапа күні ораза тұтуға болады.
- Құрбан айтта ақсақ, ауру немесе соқыр малды союға болмайды. 1 жасқа толған қой мен ешкіні немеме 6 айға толған дене бітімі ірі семіз тоқты,2 жасар сиырды, 5 жасар түйені құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі, - деді Ермек қажы Мұқатай.
Бас имам өңір тұрғындарын биыл айт кезінде қонаққа бармай, үйде отырып, карантин режимін сақтауға шақырды.