KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
504.76 593.8 6.5

ЖМК қаламыздағы ең жақсы аудандардың бірі болады – ШҚО әкімі

31.07.2020, 11:02 318

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс орталығындағы бірқатар нысандардың құрылысын бақылап, қайта құру барысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір ЖМК шағын ауданында аулаларды жөндеу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

- Өкінішке орай, 10 жыл бұрын мұндағы жер жеке меншікке сатылып кеткен. Сондықтан құрылыс ретсіз жүргізілуде. Бірақ, біз оны абаттандырамыз, алдағы уақытта қаламыздағы ең жақсы аудандардың бірі болады, - дейді аймақ басшысы.

Сондай-ақ,  19-шы ықшам ауданда да абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта шағынауданда қылқан жапырақты ағаштар отырғызылуда. Мұндағы аллеяны абаттандыру жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.

Одан бөлек, облыс әкімі Н. Назарбаев даңғылының бойындағы тағы бір аллея құрылысының барысымен танысты.

Алдағы уақытта Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жаңа зал салынбақ. Әлемдік стандартқа сай бой көтерген кешенде бірінші халықаралық чемпионат өтеді деп жоспарлануда.

- Шәкәрім даңғылында жүргізіліп жатқан жұмыстарға көңілім толмады. Техника мен жұмысшылар саны аз. Мердігер апта ішінде жағдайды реттеп, істі межелі мерзімде бітіруі тиіс, - деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, биыл Өскемен әуежайының ұшу-қону жолағын жаңарту жоспарланған.

- Жұмыс тәулік бойы жүргізілуі тиіс. Жөндеу кезінде рейстерді Семей әуежайы қабылдайтын болады. 10 күн ішінде арнайы кесте жасалып, онда барлық мәселелер ескеріліп, жөндеу жұмыстары жазылады. Қазір қажетті дайындық жүргізілуде, - деді әкім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу