KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СШ
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да мобильді топтар 80 мыңға жуық шақыртуға барған

29.07.2020, 11:26 121

Шығыс Қазақстанда ауруханалар жанына жұмыс істеп тұрған мобильді топтар бүгінге дейін 79 915 шақыртуда болған. Қазірде аймақта 373 мобильді топ жұмыс жасап тұр. 

Еске сала кетсек, карантин уақытында халыққа қызмет көрсетуге медициналық қызметкерлерден тұратын мобильді топтар жасақталған еді. Өскемен қаласының өзінде 41, Семейде 71 және аудан-қалаларда 200-ден астам топ жедел жәрдемнің жұмысын жеңілдетіп, үй жағдайындағы науқастардың денсаулығын бақылауда ұстауда. 

Мобильді топ қызметкерлері шақырту бойынша барып, дене қызуын, қандағы оттегі мөлшерін өлшеп қана қоймай, науқасқа емханадан дәрігердің нұсқаулығымен берілген дәрі-дәрмекті де жеткізіп бере алады.

Аталмыш топ жұмысын бастағанда жергілікті аудан және қала әкімдіктерінен де қолдау тауып, қызметтік көліктерге ие болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу