ШҚО-да 373 мобильдік бригада жұмыс істеп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында пациенттердің үйіне барып, оларға сапалы көмек көрсетуді қамтамасыз етіп жүрген медициналық қызметкерлерден құралған мобильдік бригадалар құрылды, деп хабарлайды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысындағы Ана мен бала орталығы амбулаториялық қызметінің бастығы Гүлнәр Келгенбаева емханадағы мобильді топтың жұмысы жайлы егжей-тегжейлі баяндап берді.
«Емханамызда күн сайын 40 шақыртуға дейін баратын 2 мобильді бригада жұмыс істеуде. Шақырудан басқа, олар ауруханадан шыққан пациенттердің үйіне де барады. Бұл бригада жедел медициналық қызмет жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, жұмысты жұмылдырады. Мысалы, кейде мобильдік бригада қызметкерлері қарауды қашықтан жүргізе алады», - деді Гүлнәр Келгенбаева.
Қазіргі кезде облыста 373 мобильдік бригада жұмыс істеуде. Оларды көлікпен қамтамасыз ету үшін аудандық және қалалық әкімдіктер өздерінің қызметтік автомобильдерін ұсынды.