KZ
Өскемен
-8°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
511 602.72 6.49

Глубокое ауданының мәдениет үйлері жөндеуден өтеді

28.07.2020, 08:30 1 128

Глубокое ауданындағы мәдениет үйлерінің ғимараттары жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Аймұқашев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Аудан басшысының айтуынша, Глубокое ауданында 15 мәдениет үйі бар екен. Олардың бірқатар 10-15 жылдан бері жөндеу көрмепті. Әсіресе, ғимараттың шатырларының әбден тозығы жеткен.

- «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында он мәдениет үйіне және бос уақытты ұйымдастыру орталықтарына қаражат бөлінді. Предгорное, Малубинка, Черемшанка, Прапорщиково ауылдарында және Алтайский кентінде жұмыстар толығымен аяқталса, қалғандарында жұмыс жалғасуда, - дейді Ерлан Аймұқашев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу