KZ
Өскемен
-29°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
510.43 594.86 6.49

Глубокое ауданының әкімі қайырымдылық жасаған азаматтарға алғыс айтты

19.08.2020, 11:01 1 028

Глубокое ауданында "Мектепке жол" акциясы биыл да өз нәтижесін беріп жатыр, деп хабарлайды, Алтайньюс тілшісі.

Жыл сайын тамыз айында "Мектепке жол" акциясы өтеді. Бей-жай қарамайтын адамдар көп балалы және аз қамтылған отбасыларға балаларды оқу жылының басына дайындауға көмектеседі. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Аймұқашев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

-Біздің жерлесіміз, "Уваровское" шаруа қожалығының басшысы Александр Иванович Бурдаков Уварово ауылының балаларына мектеп құралдарын сатып алуға 800 мың теңге бөлді. Александр Ивановичке қайырымдылық пен ауылдастарының өміріне қатысқаны үшін алғыс айтамын!,-деді аудан әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу