KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Жарма ауданында 174 жұмыс орны құрылады

26.07.2020, 19:56 172

Жарма ауданының барлық ауылдық округтері «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының аясындағы жобалармен қамтылған. Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жарма ауданы бойынша 655848,0 мың теңгені құрайтын 25 жобаны іске асыру көзделген. Жұмыс жоспарына сәйкес құрылатын жұмыс орындар саны 174 болса, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 93 адамды жұмыспен қамту көзделген, - дейді аудан басшысы.

Бүгінгі таңда орталық арқылы жұмысқа жұмылдырылған азаматтардың саны 100-ге жетіп отыр. Оның ішінде 36-сы – жастар екен. Жұмысқа тартылушылар саны әлі де арта түседі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив