KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да дәрі-дәрмек бағасына күн сайын мониторинг жүргізілуде

22.07.2020, 10:48 187

Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, облыстық прокуратура, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті, «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және арнайы мониторингтік топ ақпараттық-насихаттау штабы өкілдерімен бірлесіп бірқатар дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндағы басты мақсат – дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау және медициналық препараттардың бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу. Аталмыш іс-шара аудандарда да жүзеге асып жатқанын айта кету керек. Мамандар күнделікті дәріханаларды тексеріп ғана қоймай,  тұрғындардың ұсыныс-тілектерін де «түрте» жүреді. Түйіткілді мәселелер тиісті органдарға жолданады.

Тексеруші топ күніне онға жуық нысанға барып, карантин талаптарының сақталуы мен ем-дом препараттар қорын тексереді. Топ мүшелерінің айтуынша, тұрғындар кейбір нысандарда дәрі-дәрмек қымбат екенін айтып шағымданған. Сонымен қатар дәрі-дәрмек сатып алу кезінде чек берілмейтіндігі туралы да сөз қозғалған көрінеді.

Айта кетейік, тұрғындар дәрі-дәрмек бағасын «dariKZ» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады.  Баға шекті мөлшермен сәйкес келмеген жағдайда тауардың түбіртегін алып, заң жүзінде арыздануға болады. Сондай-ақ арыз-шағымды аудио немесе бейнежазба арқылы 8702 000 24 94 және  8775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне дәріхана атауын көрсете отырып жолдауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу