KZ
Өскемен
-29°
плотный туман Штиль
511.18 530.6 5.28

Күршім ауданындағы бірнеше елді мекен таза ауызсумен қамтылмақ

18.07.2020, 09:05 232

Жергілікті биліктің айтуынша, бұған дейін ауызсу азабын тартып келген ауыл тұрғындары енді ауыз су үшін алаңдамайтын болды. Себебі орталықтандырылған су жүйесінің жоқтығынан тұрғындар бұл мәселені бірнеше мәрте көтерген болатын.

- Күршім ауданы бойынша 44 елді мекен бар. Оның 31 ауылы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясындда аудан бойынша Боран мен Қалжыр ауылдарында су құбырын тарту жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындар саны 50-ден 200 адамға жететін ауылдарда су тазартудың блоктық-модульдік станциясын орнату мақсатында биыл Қайнарлы, Күнгей-Бөкенбай, Теріскей-Бөкенбай, Бұғымүйіз, Оң жақ Қалжыр, Ұрынхай ауылдарында жұмыстар жүріп жатыр, - дейді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу