Өскеменде полицейлер екі күн бойы жол үстінде тұрып, тұрғындарға кеңес береді

Екі күн бойы Өскеменде және бірқатар елді мекендерде полицияның арнайы мобильді тобы жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 5 және 6 сәуірде арнайы жабдықталған автобустарда полиция қызметкерлері кезекшілік етеді. Оларға барып, әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты, айыппұлдарды төлеу жолдары мен жүргізуші куәлігін алу мәселесіне байланысты және өзге де сұрақтарға жауап алуға болады, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ 8 (7232) 77-46-85 номеріне хабарласып полициядан кеңес алуға да болады.
Өскеменде аталмыш топ 5 сәуір күні 09:00-ден 13:00 ге дейін бұрынғы ММС ауданында және Өскемен теміржол вокзалының маңында кезекшілік жасайды. 14:30-дан 19:00-ге дейін Защитадағы теміржол вокзалы мен Согра ықшамауданындағы Мәдениет үйінің жанында болады.
6 сәуір күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін тәртіп сақшыларының мобилді тобы ЖМК шағын ауданында («Достық» базарының жанында) «Металлург» сауда үйінің маңында, 14: 30-дан 19: 00-ге дейін «Арзан» гипермаркеті мен «Айка» супермаркеті (Өзен вокзалы) ауданында тұрғындарға кеңес беруге дайын.
Алтай қаласында 5-6 сәуір күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін «Nur Otan» партиясы филиалының ауданында, ал Риддерде – «Бәйтерек» ауданында кезекшілік ұйымдастырылады.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
- Viber