Covid-19: Өскеменде – 54, Семейде – 16, Катонқарағайда – 13...
Өскеменде бір тәулік ішінде 50-ден астам адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өңірде өткен тәулікте 139 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 78 науқастың клиникалық симптомдар бар, ал 61 адамның сырқаты симптомсыз.
Қалалар мен аудандар бойынша:
Өскемен - 54;
Семей - 16;
Катонқарағай ауданы - 13;
Риддер - 9;
Алтай ауданы - 8;
Тарбағатай ауданы - 7;
Ұлан ауданы - 6;
Аягөз ауданы - 6;
Көкпекті ауданы - 5;
Бородулиха ауданы - 5;
Глубокое ауданы - 5;
Жарма ауданы - 2;
Бесқарағай ауданы - 2;
Үржар ауданы - 1.
Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, 23 науқасқа зертханалық талдау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жасалған. 93 науқастан ЖРВИ белгілері бойынша тексеру кезінде ауру анықталған. Қалған 23 пациенттен профилактикалық мақсатта тексеру жүргізу кезінде анықталған.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. 14 шілдедегі жағдай бойынша симптомды науқастардың саны – 1739, ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны – 1638, вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 3377.