KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-дан шетелге мыңнан астам адам көшіп кеткен

4.07.2020, 04:36 131

Finprom.kz мамандарының мәліметінше, 2020 жылдың алғашқы үш айында барлығы 7,3 мың адам елден кетіп қалған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,1%-ға аз. Былтыр осындай кезеңде 8,4 мың адам Қазақстаннан көшіп кеткен көрінеді.

Басқа елге қоныс аударғандардың 1,2 мыңы (16,1%) – Шығыс Қазақстан облысының, 917-сі (12,5%) – Қостанай облысының, 857-сі – Павлодар облысының тұрғыны. Елден кетіп жатқан азаматы көп өңірлер қатарына Қарағанды (830 адам) мен Солтүстік Қазақстан (728 адам) облыстары да еніп отыр.

Қазақстан азаматтары негізінен Ресейге көшіп жатыр. Көрші елге 6,4 мың адам кетті, бұл – эмигранттардың 86,6%-і. Германияда 456 (6,2%), Өзбекстанға 115 (1,6%), АҚШ-қа 106, Беларуське 51 адам кетіп қалды.

 Айта кету керек, 2019 жылы Қазақстаннан 45,2 мың адам көшіп кетті, өзге елден небәрі 12,3 мың адам келді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу