KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-дан дәрігерлер мен мұғалімдер кетіп жатыр

17.02.2021, 12:36 173

Ranking.kz дерегінше, соңғы үш тоқсанда 15 жастан асқан 11 400 маман елден кеткен.

Оның 3 331-і техникалық, 1 714-і экономика, 1 064-і педагогика, 561-і медицина саласының қызметкері.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8 пайызға аз. Бұл ретте Қазақстаннан кеткен мамандардың үлесі 54,3 пайызға жетті, былтыр 50,6 пайыз болған.

Көбіне Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысындағылар кетіп жатыр. Сол аралықта Қазақстанға келген мамандар саны - 3 500. Яғни кеткен адамдардан үш есе аз.

Қарағанды облысынан 1,7 мыңнан астам маман кеткен.

Шығыс Қазақстан (1,6 мың маман кеткен),

Қостанай (1,4 мың адам)

Павлодар (1,4 мың адам) облыстары да бар.

Ең аз кеткендер Қызылорда және Түркістан облыстарында: барлығы 23 және 29 адам.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив