KZ
Өскемен
-29°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
511.18 530.6 5.28

Калькулятор. 4 сағат. 15 лек. Биыл ҰБТ қалай өтеді?

19.06.2020, 03:50 113

Биыл тест тапсырушыларға алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат берілді және тестілеу уақыты 4 сағатқа дейін ұзартылды. Сондай-ақ түлектер мемлекеттік емтиханнан босатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусым күні басталады.

«Биыл ҰБТ-ның алғашқы күні жексенбіге түсіп отыр. Бірінші күні 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады, бұл тестілеудегі ең аз ағындардың бірі. ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана жұмыс істейді. Оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді», - деп мәлімдеді БҒМ.

21 маусым мен 5 шілде аралығында түлектер 15 лек бойынша тест тапсырады.

ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданады:

· дезинфекциялық тоннельден өту,

· арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру,

· дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу,

· медициналық маскалар беру.

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тест тапсырушылар арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етіледі, әрі әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңімен желдетіліп өңделеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу