KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 5 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Алакөлдің масасын не істейміз? Әкім тапсырма берді

10.06.2020, 08:06 206

Алакөлге табан тірегендердің құтын қашырған бір мәселе -  маса. Демалушылар мен тұрғындар қызыл бөртпелерден арыла алмай жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шыбын-шіркей әсіресе, кешқұрым уақытта қаптайды. Осыған байланысты әлеуметтік желіде желдей ескен фото-бейне ақпараттар Алакөлдегі демалыс база иелерінің алаңдатушылығын тудырып отыр. Себебі «масалар кесірінен туристер келмей қала ма?» деп қорқыныш бар.

- «Сіздерді маса тосып жатыр» деген антижарнама бүкіл Қазақстанға тарады. Маса деген сұмдық. Дезинфекция жұмыстары арбатта ғана жасалды. Қалған жағалауды не істейміз?» - деген мәселені Алакөлдегі демалыс базасының иесі шипалы өңірге іссапармен келген облыс әкімі Даниал Ахметовтің алдында көтерді.

Иә, мәселе бар. Оны ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Дегенмен облыс әкімі дератизация жұмыстарының қажеттігін айтып, аудан әкіміне тапсырма берді.

- Мәселені орынды көтердіңіз. Маса көп болса, халық қалай демалады? Қанша қаржы керек, сонша бөлейік, - деді Даниал Ахметов.

Аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов демалушылар мен кәсіпкерлердің алаңдауға негіз жоқ отыр. Алдағы 10 күннің ішінде дератизация жұмыстарымен айналысатын мекемемен шарт жасалмақ.

- Бұл масаның ешқандай зияны жоқ. Алайда демалушыларға қолайсыз жағдай туғызуда. Сол себепті 10 күннің ішінде дизинфекция жасайтын мекемемен келісімшарт жасаймыз. Кейін ол мекеме осы жағалауда күнделікті жұмыс жүргізетін болады. Қоғамдық жерлерді мемлекеттік есебінен тазалаймыз. Бірақ демалыс орындары өздері мекемемен шартқа отырып жұмыс істеуі керек. Ал әлеуметтік желіде жүрген ақпарат өтірік, - дейді Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу