KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 5 м/с, В
523.86 544.34 5.11

«Марқакөлдегі масалар адам өлтіреді». Масалар ауыл тұрғындарының мазасын қашырды

9.07.2019, 09:43 199

Күршім ауданының тұрғындары адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаз басталысымен, Боран мен Жиделі ауылының тұрғындарынан маза қашады. Оның басты себебі – маса. Жылдар бойы ызыңдаған масаға төзіп келе жатқан ауыл тұрғындары әбден шаршағандарын айтады.

– Қанша жерге хабарлассақ та, нәтижесі болмады. Әр жаз сайын масаға таланамыз. Жазғы демалыстарында ойын көрмей үйде қамалып отыратын баламыз былай тұрсын, асырап отырған төрт-түлікке де жаның ашиды екен, - дейді тұрғындар.

Төмендегі бейнежазбаға зер салсақ, масаның әдеттегіден көптігін және аса ірі екенін аңғаруға болады.

– Бүгінгі маса деген «құдай сақтасын»! Тіпті аспан да көрінбейді ғой деймін. Кісі өлтіреді тура, – дейді бейнежазба авторы.

Далаға түтін қойып қана шығатын ауыл тұрғындары ала жаз бойы үйлерінде қамалып отырудан шаршады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу