KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Рейд: Актісіз турис қабылдағандарға 1 млн айыппұл - Алакөл

11.06.2020, 07:57 165

Бұған дейін Алакөлдегі 175 демалыс базасының бірде-біреуі 2020 жылғы туристік маусымға толық дайын екендігін растайтын акт алмаған болатын. Көл жағалауындағы 3 мониторингілік топ 175 базаны аралап, олардың дайындығын тексеріп жүр. Оның үстіне облыс әкімі Даниал Ахметов Алакөл жағалауының туристік маусымға дайындығын көріп кеткен іссапарында мониторингтік топтың жұмысын күшейтуді, нысандарға арнайы рейд жасауды тапсырған. Бүгін соның нәтижесінде 1 демалыс базасы дайындық туралы актіні қолына алды.

-        Кеше облыс әкімімен кездесу болды. Сол кісінің ұсынысымен бүгін комиссия тобымен көлдің жағалауында кәсіпкерлердің қаншалықты қонақтарды қарсы алуға дайындығын тексерудеміз. Бүгін алғашқы актіні «Парус» демалыс иесіне бердік, - дейді мониторингтік топтың мүшесі, кәсіпкер, «Інжу»» және Алакөл арасан» демалыс базасының иесі Анар Хабидоланова.

-        Біздің демалыс базасы биылғы коронавирусқа байланысты талаптарды толығымен орындап отыр. 100 пайыз дайынбыз. «СЭС» мамандарының талаптары орындалған. Тіпті кез келген тексеріске дайынбыз, - дейді «Парус» демалыс базасының иесі Жанна Рамазан.

Қазіргі күні 72 демалыс орны санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын орындауға ішінара кірісіп кетті.

Құрылған мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда. Бүгін 10 шақты демалыс үйлері тексерілді. Соның арасында бүгін 1 демалыс үйі толық дайын. Сол бойынша нысанның дайындық актісі берілді. Қалғандары ақырындап дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмысты оңтайландыру мақсатында база иелері арнайы Whatsapp желесінде топ ашқан. Онда дем демалыс база иелері дайын болған кезінде мониторингтік топқа дайын екендігін жазады. Келіп, тексереміз. Егер толық дайын болса, акті беріледі, - дейді ШҚО-ның бас мемлекеттік санитар дәрігері Марат Исмаилов.

Ал егер Алакөлдегі демалыс база иелері актіні алмастан туристерді қабылдаса,  нысан толығымен жабылып, иесіне 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Әзірге 72 базаның екеуінде ғана демалушылар көп шоғырланатын жерлердегі кезектілікті белгі сызықтар арқылы реттеу жолға қойылған болса, 20-сы байланыссыз термометрмен, 31-і санитайзермен, 41-і дезинфекциялық құралдармен қамтылған. Сонымен қатар база аумағында орналасқан ойын және сәулет нысандары дезинфекциялық залалсыздандырылмаған, санитарлық қауіпсіздікті, демалуға келген адамдармен сауалнама жүргізуді қадағалауға жауапты тұлғалар бекітілмеген.

Барлық демалыс орындары мен өзге де нысандардың келушілерді қабылдап алуға дайындығын растайтын актіні мониторингілік топтан алмай, жұмысқа кірісуге құқығы жоқ.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу