Бұқтырмада демалыс базалары жазғы маусымға дайындықты бастамақ
Бұқтырма суқоймасындағы демалыс базалары жазғы маусымға дайындықты бастамақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дайындық жұмыстары 15 мамырдан бастап қолға алынады. Туристік базалардың, қонақүйлердің, кемпингетер мен пвнсионаттардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптар тізілімі белгілінген.
Туристердің демалуына арналған нысандар үшін талаптар жеке және жалпы болып бөлінген. Жалпы талаптарға инфекцияның нысанға таралуының және қызметкерлердің жұқтыруының алдын алу жатса, жеке талаптар ішкі қауіпсіздік шараларын қарастырады: төсек-орындардың ара қашықтығы екі метр болуға тиіс, демалушылар арасында көпшілік қатынасатын шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады, демалушыларға базаның аумағында ғана жүруге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, аптасына бір рет санитарлық күн жарияланып, жалпы тазалық және дезинфекциялық жұмыстары жүргізілу керек.
Дегенмен, дайындық жұмыстарына қарамастан, жазғы демалыс нысандары оның ішінде балалар лагерьлерінің ашылуы еліміздегі және облыстағы эпидемиялық жағдайға байланысты болмақ.