KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да шектеу шаралары біртіндеп жұмсартылады

5.05.2020, 08:04 83

Бүгіннен бастап ШҚО-да карантин шаралары біртіндеп жұмсартыла бастайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Марат Исмаилов брифинг барысында мәлім етті.

Қаулыға сәйкес, бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмыстары жанданады. Алайда мұнда адамдардың көптеп жиналуына жол берілмейді және санитарлық-эпидемиологиялық маңызды

- Карантин шаралары үш түрлі нысандар үшін алынады: шаштараздар, гүл сататын орындар мен аумағы 500 ш.м. дейінгі азық-түліктік емес сауда нысандары. Басты талап – санитарлық қауіпсіздікті сақтау, - дейді Марат Исмаилов.

Енді саяжайларға жеке көлікпен баруға болады. Алайда міндетті түрде рұқсат қағазында көрсетілген күндері.

- Карантин режимін жұмсартуда аса сақ болу қажет. Апта сайын коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркеліп жатқанын ескеріп, жұп және тақ күндері жүру шарасын әлі де сақтап отырмыз. Инфекция жұқтырудың деңгейін қалай реттей алатынымызды бақылаймыз, - деді Марат Исмаилов.

Қазіргі таңда ШҚО аумағында коронавирус жұқтырған 29 науқас тіркелген: Өскеменде – 7,  Семейде – 19, Глубокое ауданында – 1, Абай ауданында – 1, Тарабағатай ауданында – 1.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив