Шығыстың студенттері Арыс балалары үшін іс-шара ұйымдастырды
ШҚМТУ әскери кафедрасының студенттері Арыс балалары үшін іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Осыдан бір апта бұрын Шығыстың жастары «Простор» кампусына жиынға аттанған болатын. Оқудың бірінші аптасы мәресіне жеткенде, әскери кафедра студенттері Арыс балаларына арнайы кеш ұйымдастырып, қонаққа шақырды. Концерттік бағдарламадан бөлек, балаларға түрлі ойындар ойнатылып, би кеші де өтті.
Ендігі аптада студенттер Арыстық балалар үшін әскери-спорттық эстафета ойнатпақшы екен.
Оқи отырыңыз