KZ
Өскемен
+8°
небольшой проливной дождь жел 1 м/с, С
484.19 524.28 5.03

Өскеменде қоймада өрт шықты

23.05.2020, 07:48 106

Өскеменнің Степной көшесінде орналасқан қоймаларда өрт шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

180 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жауға қарсы 44 өрт сөндіруші және 11 арнайы техника жұмылдырылды. Қатарласып орналасқан үш қойманың екеуі бос, біреуінде сусындар болған екен.

– Құтқарушылар өртті бір сағат бойы сөндірді. Сусындар сақталған қоймаға өрт тиген жоқ. Зардап шеккендер жоқ, – деп мәлімдеді қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив