KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
515.31 533.96 5.3

Өскеменнің қай жерлері дезинфекцияланады?

13.05.2020, 05:45 65

Дезинфекцияланатын нысандар тізіміне қоғамдық орындар, атап айтқанда, саябақтар, аула ішіндегі ойын және спорт алаңдары, аялдамалар, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің жақтаулары, спорттық жабдықтар, орындықтар, банкоматтар мен терминалдар жатады. Бұл туралы ШҚО мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал қоғамдық көліктер дезинфекциялаудың әр түрлі құралдарын қолдана отырып, әрбір рейстің алдында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Айта кетейік, қаулыда қала тұрғындарына саябақтарға, үй маңындағы аумақтарда, алаңдар мен жағалауларға баруға, серуендеуге рұқсат етілген. Десек те, облыс орталығында маскалық режимді сақтауға қатаң бақылау әлі де жүргізіледі. Одан өзге, жүріп-тұру жүйесі де бәз баяғы қалпында, яғни облыс тұрғындары үшін бұрынғыша тақ, жұп принципі әлі сақталады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу