KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 5,2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Карантин кезінде адамы лық толы автобустармен жүруге болмайды - ШҚО

13.05.2020, 04:31 105

ШҚО-ның Бас  санитарлық дәрігері Гүлайым Тағаева  халықтың  адам толы автобус-трамвайлармен  жүруіне болмайтынын айтқан. Бұл туралы құжат кеше  облыс әкімінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

"Облыс тұрғындарына"  бөлімінде жарияланған құжатқа сенсек,  адам толы автобустармен жүруге, тіпті қоғамдық көліктің ішінде тұрып тұруға да тыйым салынады екен.  Түсінгеніміз - адам саны орындықтардан аспауы керек.

 Дегенмен, Өскемен не Семей қалаларын лық толы автобустарсыз елестету қиын. Оның үстіне  карантин кезінде қоғамдық көліктердің  саны қысқарды емес пе. Енді қалай болар екен?

Алайда ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желілердегі өз парақшасында қала әкімдеріне автобустар  санын ұлғайту жөнінде тапсырма  бергенін хабарлады.

Ендігі мәселе мынадай:  Адамы толып қойған автобустар аялдамаларға тоқтамауы керек пе, әлде  "артық" жолаушыларды қоғамдық көліктен қуып шығуы керек пе?  

Міне, осы жағы әзірге белгісіз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив