KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, С
515.31 533.96 5.3

Қытайдың тағы бір қаласында қатаң карантин режимі енгізілді

14.05.2020, 09:31 134

Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Цзилинь қаласында коронавирус жағдайының жиілеуіне байланысты қатаң карантин режимі енгізілді.

Бұл қаланың 4,4 миллионға жуық тұрғыны бар. Бір апта бұрын мұнда 15 адамнан коронавирус анықталған екен.

Коронавирус эпидемиясының екінші толқынын болдырмау үшін билік тарапынан қатаң шаралар қабылданды. Қалада пойыздар мен қалааралық автобустар тоқтады, мектептер, қоғамдық және ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, саябақтар, стадиондар мен дәмханалар жабылды. Адамдардың топталып жиналуына тыйым салынды. Қаладан шығу үшін коронавирусқа тест тапсыру керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу