KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да туристерді қабылдауға тыйым салынды

14.05.2020, 04:06 195

Шығыс Қазақстан облысында карантин кезінде демалыс базаларының туристерді қабылдауына тыйым салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әзірше демалыс орындары туристік маусымға дайындық жұмыстарын жасай береді. Алайда карантин аяқталғанша демалушыларды қабыладуға рұқсат жоқ.

«Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы» ШҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатында демалыс базаларының жазға дайындығы қалай жүзеге асытыны нақты көрсетілген.

«Қаладан/ауданнан шығу кезінде блок посттарда COVID-19-дан жедел тестілеуден өтіп, «жазғы туристік маусымға адамдарды орналастыру және демалатын орындарды (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақтраға арналған үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар, санаторийлер, балалардың сауықтыру мекемелері, облыс аумағындағы мемлекеттік ұлттық парктер) дайындауға рұқсат етілсін», - деп жазылған құжатта.

Демалыс базаларының және өзге де нысандардың иелері сонда барар кезде жанында жеке куәлігі және туризм объектілеріне құқын белгілейтін құжаттары болуы тиіс. Ал қызметкерлер жеке куәлік пен іссапар куәлігін алып жүруі тиіс. Сондай-ақ:

– Карантин кезінде демалушыларды қабылдауға қатаң тыйым салынады, – делінген қаулыда.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО бойынша карантиндік шаралар бірінші маусым сағат 7.00-ге дейін ұзартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу