KZ
Өскемен
-19°
туман Штиль
515.97 537.8 5.25

"6 мың". Жазда Өскеменде бос жұмыс орыны көбейеді

30.04.2020, 04:27 199

«Жазда 6 мыңдай адамға жұмыс табылады», – дейді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

Облыс орталығындағы Божов, Виноградов, Мыза көшелері мен Шәкәрім даңғылын жөндеу жұмысы жаз бойы жалғасады.

Сонымен қатар мектептер, Жас техниктер стансасы және Шәкәрім даңғылындағы «Алтай» спорт кешені жөнделмек.

– Қаладағы мектептің барлығында дерлік ағаш терезе, оны ауыстыру керек. Сонымен бірге барлығының кәріз жүйелері жөнделеді. Осы жұмыстарға, шамамен, алты мыңдай адам керек, – деді Жақсылық Омар.

Қала әкімі бұл жобаларға «бюджетке салмақ түспеуі үшін» жол картасының аясында да қаржы қарастырмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу