Өскемендегі Ертіс көпірін жөндеу жұмыстары қайта жанданады
Өскемендегі Ертіс көпірін жөндеу жұмыстары қайта жанданады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді. Естеріңізде болса, қаланың ТҮКШ бөлімі істі дұрыс атқармаған мердігер компаниямен ұзақ уақыт бойы соттасып келді.
– Мердігерлерге қатысты экономикалық сот шешімі шықты. Біз олармен келісімшарты бұзамыз. Аталмыш мекеме лицензиясынан айырылды және тиісті соманы қайтарады. Енді қала билігі жөндеу жұмыстарын аяқтайтын компанияны табу қайта конкурс жариялай алады, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз